Жарияланды: 04.07.2020

Онлайн кітап оқуды ұсынады

Қазақ елінің құтты қонысы, абыройымыздың айғағы, тәуелсіз мемлекетіміздің жүрегі болып табылатын елордамыз – Астана қаласының туған күнімен құттықтай отырып, Шымкент қаласындағы Әл Фараби атындағы кітапхана Сіздерге Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде » атты кітапты оқуды ұсынады.
Елбасымыздың оқырман назарына ұсынған туындысы басынан аяғына дейін қазақтың жаңа Елордасы туралы. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген кітап 192 беттен, “Астана аңсары”, “Қала шежіресі” және “Елорда эстетикасы” деген үш тараудан тұрады. Бұл еңбек Президенттің соңғы 10-12 жыл ішінде қағазға түсірген жазбалары мен жекелеген күнделіктерінің жемісі. 
Бұл жазбалар мен естеліктерде Елбасымыздың уақыттың сан алуан кезеңінде, түрлі сапарлар, тіпті шет мемлекеттерде жүргендері жазылып, әрдайым жас та жасампаз Елордамызға арналып отырған.
Кітап екі тілде (қазақ тілінде, орыс тілінде ) жазылған. Бұл кітапты http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1595743&lang=kk сайтынан оқи аласыздар. Кітапхана ұжымы мәдениет қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылықтарын білдіреді. 

625 қаралым