Жарияланды: 05.07.2020

Медициналық өнім шығаратын жоба жүзеге асырылмақ

Шымкент қаласындағы «ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағы — жалпы аумағы 200 га, құны 29,9 млрд. теңгені құрайтын, 16 жоба жүзеге асырған аймақ. Бүгінгі таңда 1 630 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде 2020 жылдың ақпан айында «СП «Lux Shoes» ЖШС-ның аяқ киім табандарын шығару жобасы іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін «B.A.E.R.» ЖШС – Дәкеден таңу материалдар өндірісі жобасының жүзеге асырылуы жоспарлануда. Мақсұт Исақов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Коронавирус салдарынан бірнеше кәсіпорындар жұмысын тоқтатып, кәсіпкерлер дағдарысқа ұшырап жатыр. Осы ретте кеше әріптестерімізбен төтенше жағдай кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы шаралар жобасын әзірлеп, бекіттік. Жобада кәсіпкерлер үшін қайта қалпына келтіру және жаңа кәсіпорындар құру үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдетілген несиелер беріліп, жұмыс орындарын сақтау және құру, кадрларды даярлау, сервистік қызмет көрсету үшін «Бизнес үшін үкімет» орталығын құру сынды қолдау бағыттары бар».

858 қаралым