Жарияланды: 05.07.2020

Еңбектері еленді

Шымкент қаласындағы №129 жалпы орта мектебінің ұжымы әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында аянбай тер төгіп келеді. Пандемияға байланысты IV тоқсанды қашықтықтан оқып бітіруімізге тура келді. Осынау қиын қыстау кезде бір-бірімізге демеу болып, ата-ана үйде ұстаз орнына ұстаз болып, ұстаздарымыз еш қиындыққа қарамай шәкірттеріне білім беруді тоқтатпады. Барлық жасалып жатқан жұмыстарды өздеріңізге белгілі мектебіміздің әлеуметтік желілеріне жариялап отырдық, сол атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығы басшысының атынан қашықтықтан оқыту кезеңінде әлеуметтік желілерде өз тәжірибелерін таратуда белсенділік танытқаны үшін Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебі мадақтамамен марапатталды. Бұл еңбектің еленгені ортақ жеңісіміз, ортақ марапатымыз. Қиын шақта бір болып, біріге жасаған жұмыстарыңызға өз алғысымызды жеткіземіз. №129 Мектеп әкімшілігі

 

816 қаралым