Жарияланды: 05.07.2020

Технологияның тиімділігін талқылады

Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында Шымкент қаласындағы ОҚМУ көптеген игі істерге мұрындық болып келеді. Осы мақсатта жуырда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры Ұ. Сүлейменов, Ғылыми жобалар және коммерцияландыру департаментінің директоры Т. Бажиров, Аграрлық факультетінің деканы Ә. Жылқыбаев Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Б. Бадырақовпен кездесті. Кездесу барысында Н.Б. Бадырақов университет ғалымдарының коммерцияландыруға дайын жобаларымен танысты. Оңтүстік өңірде өнімділігі жоғары коммерциялық жүзім сұрыптарын өсіру, үш түрлі дақылдарды бір мезгілде өсіру, ауыл шаруашылық өнімдерінің өнімділігін арттыруда биорезонанс технологиясын қолдану мәселелерін, дақылдарды жаңбырлатып суару технологиясының тиімділігін талқылады.

599 қаралым