Жарияланды: 06.07.2020

Ауруханаларды қамтамасыз етіп отыр

Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуалдың күшейгеніне байланысты ауруханаларды оттегі газымен қамтамасыз етіп отырған креогендік зауытқа жұмыс күші жетіспей жатыр. Өйткені медициналық емдеу мекемелерінің сұранысы бұрынғыға қарағанда 5 есеге өскен, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Бір жарым айдан бері демалыссыз және тәулік бойына ауысымсыз жұмыс істеп келе жатқан зауыт қызмекерлері енді өзгелерден көмек сұрауға мәжбүр. Закир Қарабалин  зауытта машинист болатын. Қазір жұмыс күші жетіспегендіктен бірнеше жұмысты қабат атқарып келеді. Баллондарға отегі толтырады, оны көліктерге тиейді. Шебер ретінде өндіріс барысын қадағалайды.  Тәулігіне 3-4 сағат қана көз шырымын алады. Закир Қарабалин, зауыт жұмысшысы: «Бізге ауыр болып жатқаны артық істеп жатырмыз. Демалыс жоқ. Түнгі сменаға қалып жатырмыз. Сол ауырлық қалып жатыр. Оны істемесек болмайды. Ауруханаға жіберу керек». Зауытта қазір небәрі 20 шақты адам ғана жұмыс істеп жатыр.   Шымкенттегі креогендік зауытта осыдан екі жыл бұрын іске қосылған. Індет етек алмай тұрып, негізінен  маталлургия саласының  қажеттіліг үшін жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын ауруханалардың  қажеттілігі үшін тәулік бойына тоқтаусыз жұмыс істеуде. Зауыт қазір Шымкент қаласындағы ауруханалардан бөлек Түркістан және Қызылорда облысындағы емдеу мекемелеріне оттегі жеткізіп беруде. Жердің шалғайлығы да жұмысшыларға қолбайлау.

621 қаралым