Жарияланды: 06.07.2020

Қоныс тойын тойлайтындардың қатары артпақ

Шымкент қаласында «New City» және «Асар city» тұрғын үй кешендерінің құрылыс аяқталды. Made in Shymkent отандық өнімдерімен жабдықталған пәтерлердің сапасы керемет. Пәтерлердегі перде, кілем, жиһаз бәрі де отандық өндірушілердікі. Көздің жауын алатын сапалы өнімдердің басым бөлігі Шымкентте өндірілген. Шымкент қаласында жалпы 48 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Әкімшілік-іскерлік орталығында 8 үй, Шымкент сити шағынауданында 16 үй, Тұран шағын ауданында 14 үй, Асар-2 шағын ауданында 10 үй.  Пәтер саны 2592, ауданы 156 мың шаршы метрді құрайды. Үйлер бірінші кезекте Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Пәтердің 1 шаршы метр құны —  180 мың теңге.  «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан 24 тұрғын үй салынды. Аталған үйлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы беріледі.

705 қаралым