Жарияланды: 06.07.2020

Ақ халатты абзал жандарға алғыс

Тәжді тажалдың таралуының алдын алуда дәрігерлердің еңбегі орасан. Бүгінде Шымкент қаласында да медицина қызметкерлері күні-түні еңбек етуде. Олар — мылтықсыз майданның күрескелерлері. Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде үй бетін көрмей, жақындарынан жырақта адам жанына араша түсіп жүр. Мегаполистегі медициналық ұйымдар мен ауруханалар, перзентхана дәрігерлері аянбай еңбектенуде. Сапар Тыныбеков  —  Шымкент қалалық кардиоорталығының дәрігері. Демалыссыз жұмыс атқарып жүрген жандардың бірі. Жуырда аталған орталықта провизорлық орталық ашылғанына белгілі. Мұндағы дәрігерлердің жұмысы екі есеге артты. Сонда да болса қиындықтан қорықпай, медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында тынбай тер төгіп жүр. Жанына дауа іздеген жандар ақ халаттты абзал жандарға алғыстарын жаудыруда.

766 қаралым