Жарияланды: 06.07.2020

Инфрақұрылыммен қамту басты назарда

Тұрғын үйлерді инженерлік ифрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 30 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 17 нысанның құрылысы жүргізілуде. Ербол Ахметов, Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы: «Шымкент сити шағын ауданындағы 39 үйге инфрақұрылым тарту бойынша 6 нысанда құрылыс жүргізілуде. Тамыз айының соңында ауыз су, кәріз, жылу, газ және электр қуаты іске қосылады. Ал көгалдандыру жұмыстары қараша айында аяқталмақ». Одан өзге Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 8 үйдің инфрақұрылымы бойынша 2 нысанда жұмыс қарқынды жүруде, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Бүгінгі таңда құрылыстың 80 пайызы аяқталған. Тұран шағын ауданында 25, 26, 28 орамдағы көпқабатты тұрғын үйлерде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар,  Бозарық тұрғын үй алабына инфрақұрылым тарту үшін 5 нысанда құрылыс жұмыстары басталады. Нысан құрылысы келесі жылы аяқталады.

696 қаралым