Жарияланды: 06.07.2020

Мәдениетке серпін беру қажет

Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі — мәдениет қызметкерлерін қолдау деген сөз. Президент Жолдауын мәдениет саласының қызметкерлері де ерекше ықыласпен қабылдады. Мәдениет қызметкерлеріне мемлекет тарапынан салиқалы қолдау көрсету туралы тасырмасы ел руханиятының жаңа деңгейге көтерлуіне зор серпін берері анық. Қазіргі таңда қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару ауадай қажет. Сондықтан, Жолдаудағы халықпен тиімді кері байланыс орнатудың қажеттігі өте өте тиімді. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі — мәдениет қызметкерлерін қолдау деген сөз. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатыр. Құлақтан кіріп бойды алар тәтті әуен мен күмбірлеген күй, әуезді әуенмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Еліміздің атын шығаратын да – мәдениет пен өнер. Мәдениетке серпін беру шындығында да қажет. Бүгінде Шымкент қаласында 8 кәсіби театр, 1 көркемсурет галереясы, 8 саябақ, 1 облыстық филармония, 1 «Оңтүстікфильм» мекемесі, 1 «Оңтүстік-Цирк» мекемесі, 1 «Түркістан сарайы», 1 көрме орталығы бар. Мәдениет саласында қызмет ететін қаншама мамандар бар. Олардың барлығы да мәдениет саласында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға ризашылықтарын білдіруде.

658 қаралым