Жарияланды: 06.07.2020

Әлеуметтік қолдау алдыңғы орында

Бүгінде Шымкент қаласында әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі алдыңғы орында тұр. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауовтың айтуынша, Шымкент қаласында аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін 16,1 млрд. теңге қаралған. Бүгінгі күнге дейін 19 мың 519 отбасыға 4 жарым млрд. теңге көмек көрсетілген. Айтып өтейік, «Birgemiz» қоғамдық қорынан 41 мың 630 мұқтаж азаматқа 50 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, сәуір айында 8 мың 333 отбасының, ал мамыр айында 9 мың 233 отбасының коммуналды қызметтерді пайдалану бойынша шығындары өтелді. Бұл бағыттағы жұмыстар үнемі бақылауда болады және жалғасын табады.

719 қаралым