Жарияланды: 06.07.2020

ШЫМКЕНТТЕ «ІНЖУ-МАРЖАНЫМ — НҰР-СҰЛТАН» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Шымкент қаласында елорда күніне орай онлайн режимде конференция өтті. Онда жастар сәнімен салтанаты келіскен елордадағы архитектуралық нысандар жайында сөз қозғады. Сонымен қатар, арнайы баяндама оқылып, Ел тірегі болған елорда жайында өз ойларын білдіріп, мерекенің мән-маңызына тоқталды. Сәні мен салтанаты келіскен Елордада еліміз үшін маңызы бар шешімдер қабылданып келеді. Соның бірі мәдениет қызметкерлеріне жасап отырған қолдау. Мәдениет қызметкерлері өздеріне жасалып отырған жағдайға ризашылықтарын білдіріп отыр.  Айта кетейік, Шымкент қаласы жастар орталығы «Ел — тірегі елорда» тақырыбында мерекелік апталық ұйымдастырды. Апталық аясында түрлі іс-шаралар қашықтан өтуде.

830 қаралым