Жарияланды: 07.07.2020

Білім сапасын арттыруда берері көп

Шымкент қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайтару туралы» видео-конференция өтті. Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру қызметін лицензиялау үшін нормативті-құқықтық сауаттылықты арттыру, бұл мәселе бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын жетілдіру, білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайтару бойынша е-лицензиялау порталына қатысты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттандыру ауқымын кеңейту. Конференцияға Шымкент қаласы бойынша Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығының маманы Есім Диас Бақтыбекұлы, Шымкент қаласы білім басқармасының мамандары, колледж директорлары мен директор орынбасарлары қатысты. Мұндай конференциялардың білім беру сапасын арттыруда берері көп.

592 қаралым