Жарияланды: 07.07.2020

Баспаналы болу бақыты бұйырған

Жыл соңында Шымкентте 450 көпбалалы отбасы, 394 әлеуметтік жағынан осал топтағы азамат, 300 жас баспаналы болады. Айтып өтейік, ағымдағы жылы «2-10-20» бағдарламасы бойынша 1047 аз қамтылған отбасы электронды түрде несие арқылы пәтер алуға өтінім берген. Қазіргі таңда құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.  Ал «7-20-25» бағыты бойынша 219 азамат, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы 73 азамат баспаналы болған. Жыл соңына дейін «2-10-20», «7-20-25» бағдарламасымен бастапқы жарнаның бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджеттен ақша қаралып, сертификаттар беру жоспарланған. Жалпы Шымкентте кезекте тұрғандар: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар – 1631, көпбалалы – 5188, әлеуметтік жағынан әлсіз топ – 12829, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 19585, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған – 26. Жыл соңында қоныс тойын тойлайтындардың қатары артқалы отыр.

718 қаралым