Жарияланды: 07.07.2020

Жарқын болашаққа жол

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Молда Мұса атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп қаладағы мақтаулы білім ошақтарының бірі. Оқушылары әрдайым озат. Түрлі байқауларда бас бәйгені қанжығасына байлайтын озық мектеп. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру бағытында мектеп ұжымы тынбай тер төгуде. Оқушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие беруде де асығы алшы. Келер оқу жылына мектептің дайындығы қызу жүргізілуде. Қазіргі таңда бюджеттен коммуналдық төлемдері мен қоса кеңсе, шаруашылық тауарлары мен спорттық жабдықтар мектепке жеткізілді. Жылу жүйесі мен ағымдағы жөндеу жұмыстары да бюджет арқылы өткізілуде. Мектебімізде бірнеше жылдан бері қажетті құрал жабдықтарға да жөндеу жұмыстарына да ешқандай ақша жиналмайды, жыл сайын жаңа оқу жылына сақадай сай болып, оқушыларды таза әрі жарық мектеп ұясы асыға күтіп, сағына қарсы алады. Мектеп қабырғасында оқитын балалар мен ата-аналары мектеп ұжымының ұстанымын біледі: таза, жемқорлықсыз оқу орны-ертеңгі, жарқын болашаққа жол!

766 қаралым