Жарияланды: 07.07.2020

Мұраға қылаң түсірмей дәріптеу — парызымыз

Шымкенттік Мүтәлхан Байырбеков қасиетті қара домбыра жасауды осыдан үш жыл бұрын қолға алыпты. Оның шеберханасынан осы уақытқа дейін 2 мыңға жуық қазақтың ұлттық аспаптары жарыққа шыққан. Тапсырыстан қолы босай бермейтін ұстаға көбінде кәсіби күйшілер қолқа салатын көрінеді. Олардың өтініштерін орындау үшін бір жетіге дейін уақыт кетеді дейді шебер. Мүтәлхан Байырбеков — домбыра жасаушы шебер. Асқан шеберлікті талап ететін бұл іске, жан-жақты ізденістер қажет. Домбыраны дүниеге әкеліп қана қоймай, оның дауысына жан бітірудің жолдарын ізденген жас шебер тарту тактикасынан да аз-кем хабары бар. Арнайы күннің аясында биылғы жылы жас күйшілер байқауын ұйымдастыруды жоспарлаған Мүтәлхан, карантинге байланысты бұл ойын кейінге шегеріпті. Сыйлыққа өз қолынан шыққан домбыраларды табыстамақ ниетте, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Тамыры тарихқа терең жайылған домбыра аспабы сонау, қазақ хандығынан үш мың жылдай уақыт бұрын дүниеге келген деген аңыз бар. Ертеде қос ішектің құдіретімен күрмеуі қиын мәселелерді де шешкен. Шертпе күйдің шебері Мәдіхан Тәжиев күй құдіретін сезіну үшін, алдымен қолдағы аспапқа дұрыс таңдау жасай білу керек дейді.  Сонымен қатар, Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытында мәдениет қызметкерлеріне қолдау жасалып жатқанына риза. Күй өнерінің ежелгі сарыны ұлтымыздың санасынан өшпеу үшін тер төгіп біздерге аманаттаған – Құрманғазы, Сүйінбай, Сүгірдің жолын Әміре, Диналар жалғастырып Дәулетбетбек, Асылбек сынды қазақ жігіттері нардың жүгін көтеріп жүр. Ал, қара домбыраның үнін қазіргі заман талабындағы муызамен үйлестірген «Ұлытау» тобы дүние жүзіне қазақ домбырасының үнін паш етіп жүр.  Ұлттық құндылығымыз арнаулы күннің аясында қалып қоймауы керек. Сан ғасыр бойы өлмей келген мұраға қылаң түсірмей дәріптеу біздің парызымыз.

 

 

823 қаралым