Шымкент қаласында соңғы әлетте ірі кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Отандық нарықты толық қамтамасыз етуден бөлек, шетелге де өнімдерін экспорттап жатқандары бар. Солардың бірі — «Әлем БТ» ЖШС-і. Жалпы инвестиция құны 1 миллиард 800 миллион теңгені құрайтын «Әлем БТ» ЖШС қазақстандық шұлық-тоқыма зауытының бүгінде қнімдеріне сұраныс жоғары.. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 20 миллион жұп өнімді құрайды. Ерлер, әйелдер мен балаларға арналған 200-ден астам шұлық өнімдерінің ассортиментін шығарады. Іске қосылған сәттен бастап «Әлем БТ» отандық фабрика өнімдері қазақстандық тұтынушылардың сеніміне ие болды.