Жарияланды: 07.07.2020

Стратегиялық талаптар қарастырылды

Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында Шымкент қаласындағы ОҚМУ көптеген игі істерге мұрындық болып келеді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде жаттықтырушысы — модератор, философия ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік докторы — Байсеркеев Озат Нурдаулетұлының жетекшілігімен стратегиялық сессия өткізілді. Семинар университеттің 2020-2025 жж. стратегиялық жоспарын талқылауға арналды. Тренингке барлық топ-менеджерлер, декандар, кафедра меңгерушілері және университет оқытушылары қатысты. Кездесу барысында біздің ұжым жаңа білім мен дағдыларды, аналитикалық тәжірибе мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жаңа стратегиясын одан әрі дамыту үшін стратегиялық талаптар қарастырылды.

814 қаралым