Жарияланды: 07.07.2020

Қала көркіне көрік қоспақ

Шымкент қаласы тұрғындарының қолайлылығы үшін қажеттілігі туындаған бірнеше көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су құбырлары ауыстырылуда. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен қазір халық үйінде кезде уақытты тиімді пайдаланып, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, жуық арада аяқтау үшін мердігер компания өкілдері тиісті жұмыстарды атқаруда. Мәселен, А.Байтұрсынов көшесіндегі №47 мектептен «Болашақ» колледжіне дейін жаяу жүргіншілер аймағының бойымен өтетін құбырлар қазіргі таңда алмастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл құбырларға 30 жылдан астам уақыт өткен. Ал көшелер, сәйкесінше, жуық арада қалпына келтіріліп, қаламызды көркейте түспек.

889 қаралым