Жарияланды: 07.07.2020

Инвестиция тартты

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында барлығы 3 288,8 млн теңге бөлініп, оның 2285,7 млн теңгесі 8 бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге таратылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 30 жобаның тізбесі жасалып, 5 жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие алды. Мәселен, аталмыш бағдарламамен «Alt company invest» ЖШС 4 га өнеркәсіптік жылыжайға 950 млн теңге, «Зәуре» шаруа қожалығы» фирмасы 4 га құрайтын жылыжай құрылысына 850 млн теңге инвестиция тартты.
Суармалы жерлердің ауданы мен өнімділінің азаюына ирригациялық жүйелердің нашарлауы мен топырақтың тозуы да тікелей әсер етеді. Ирригациялық жүйенің бұзылуына канал арналарының деформацияға ұшырауы, жан-жағын қамыс пен жабайы өсімдіктердің басуы секілді себептер кіреді. Осылардың кесірінен каналдардың су өткізгіштік қабілеті төмендетіп, ағын су шығынының мөлшері артады.
Жоспарға сәйкес тағы да 82,1 км канал механикалық жолмен тазаланып, 269 текше метр қоқыс лай-ұйықты тазаланды, қоқыс полигонына шығарылды. Оның ішінде Шымкент қаласына қарасты төрт ауданда Еңбекші ауданында – 46 км (Көк, Темір, Чумчак, Текесу, Янгибай, Шымкент), Қаратау ауданында – 17км (Өтеміс, Бозарық), Абай ауданында – 19,1 км (Қызыл сеңгір, Гүлдіреуін-1, Гүлдіреуін-2, Гүлдіреуін-3 және Сасық) каналдары механикалық тазалаудан өткізілді. Каналдардың ауыл шаруашылығы үшін қаншалықты пайдасы бары белгілі.

Шымкент келбеті

693 қаралым