Жарияланды: 08.07.2020

Ірі корпорациялар құрылыс жүргізуде

Шымкент қаласы аумағында арендалық 12 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 40,4 шаршы метрді құрайтын 704 пәтер бар. Оның ішінде, Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 448 пәтерлі 8 тұрғын үй желтоқсан айында пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның жалпы шаршы метрі  24,9 мыңды құрайды. Қалада құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, бірақ елдегі жағдайға байланысты құрылысшылар тапшылығы бар.Осыған байланысты  «Атамекен Корпорациясы» ЖШС,  «Корпорация Ақ-ордасы» ЖШС,  «Югстройсервис-Н» ЖШС –іне құрылысшылар қажеттілігі туындап отыр. Бұл өз кезегінде жұмыссыз жүрген жандардың екі қолға бір күрек табуына септігін тигізбек. Бұл мәселе жуық арада Шымкент қалалық әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы арқылы шешімін тапқалы отыр. 

 

608 қаралым