Жарияланды: 08.07.2020

ШЫМКЕНТ: 3639 АЗАМАТ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

ЖРВИ-мен (ОРВИ) пневмония бойынша Шымкент қаласында 1.06.2020 жылы 3 провизорлық стационарда 320 төсек орын ашылған болатын.15-30.06.2020 жылы аралығында 23 провизорлық стационарда 2 960 төсек орын ұйымдастырылды. Бұл жөнінде қала әкімі баспасөз мәслихатында баяндады.

Бүгінгі таңда 26 мемлекеттік және жеке нысандарда 3010 провизорлық төсек орын жұмыс істеп тұр.

— 1.06.2020 жылдан бастап 6340 пневмониямен сырқаттанушылық тіркелді, оның 6060 немесе 95,6 пайызы аурухана жатқызылды. Бүгінгі күні 60 пайызы немесе 3639 науқас емделіп шықты,- дейді қазіргі жағдайға тоқталған қала әкімі.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, ЖРВИ мен сырқаттанушылық бойынша ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан бастап 11 891 жағдай тіркелген, оның ішінде 535 немесе 4,5 пайызы ауруханаға жатқызылған. Олардың 86 пайызы немесе 460 науқас емделіп шыққан.

636 қаралым