Жарияланды: 09.07.2020

Серіктестік өнімдеріне сұраныс көп

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабында орналасқан тауарлы жұмыртқа бағытымен айналысатын «Тассай құс» ЖШС-нің құс фермасының өнімдеріне бүгінде сұраныс артқан. Жалпы аумағы 4,9 гектарды құрайтын құс фермасында қазіргі таңда 200 мың бас құс бар, оның ішіндегі жұмыртқалағыш тауық-142 мың басты құрайды. Жылына қуаттылығы 40 млн. дана тағамдық жұмыртқа өндіруге бағытталған нысанда қуаттылығы сағатына 15 мың жұмыртқа сұрыпталады. Мұндағы құрылғылардың барлығы да автоматтандырылған. Жұмысшылардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Олардың әлеуметтік жағдайына баса көңіл бөлінеді. Алдағы уақытта серіктестік басшылары құс басын арттыруды көздеп отыр. Соған орай, жұмысшы санын арттыру да жоспарда бар. Серіктестік өнімдері тек қана Шымкент қаласын ғана қамтып қоймайды, облыстың түркір түкпіріне таратылады.

755 қаралым