Шымкенттіктерді тіршілік нәрімен қамтасыз етуші «Су ресурстары-Маркетингі» серіктестігі халық тұтынып отырған ауыз судың сапасы жоғары дейді. Жыл санап тұтынушылар қатары мен тұтынған ауыз су көлемі артқан.
Сала мамандарының айтуынша, мегаполисте жаз ауасында тіршілік көзін пайдалану 40 пайызға өседі екен. Сол себептен карантин режиміне қарамастан тынымсыз еңбек етуге тура келеді, деп хабарлайды «Отырар.кз». Өйткені тұрғындардан келіп түскен әрбір өтініш дер кезінде шешілуі тиіс. Айта кетейік, бүгін су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Мұхтар Сыдықов, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС аппарат басшысы: «Кәсіпорын қызметкерлері желідегі су қысымына және резервуарлардың толықтырылуына тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Абоненттерден келіп түсетін барлық өтінімдер тіркеледі, авариялық бригадалардың жұмысына бақылау жүргізіледі. 9 шілде-Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби күні. Осы саланың және «Су ресурстары-Маркетинг » ЖШС қызметкерлерін еңбек күнімен құттықтаймыз. Оларға зор денсаулық және амандық тілейміз».