Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» шағынауданындағы 276 орамдағы тұрғындарға демеушілер тарапынан 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыстары жүргізіліп, су жүйесі тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Демеушілердің қолдауы арқасында елдімекенде 25 бағана, екі шақырым сым тартылып, 150-ге жуық тұрғын электр жарығына қол жеткізді.
195 пен 276 орамдағы өзекті жол мәселесі де биыл шешімін табады дейді билік өкілдері. Қазіргі таңда екі елдімекендегі 7 көшеге тас төселуде. Жылдың соңына дейін шалғайдағы елдімекендерде топырақ жолдар қалмайды деп сендірді аудан әкімі.