Жарияланды: 12.07.2020

ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮ БОЙЫНША ЖАН-ЖАҚТЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент дәріханаларын тиісті дәрімен қамтамасыз ету мақсатында көрші елдерден дәрі шығаратын фарм компаниялармен 10 миллион АҚШ доллары болатын дәрі-дәрмек алуға келісімшарт жасалды.

Бұдан бөлек, қаладағы 8 фармкомпанияға шетелден біржолғы тасымалмен дәрі әкелу бойынша рұқсат беріліп отыр. Қазіргі таңда Украина елінен дәрілердің алғашқы легі ұшақпен Алматыға келді. Енді жүк көлігімен Шымкентке жеткізіледі. Осылайша, қаладағы дәріге деген тапшылықты шешу жағы қарастырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

Оның айтуынша, пневмония мен ЖРВИ-ға байланысты халық арасында сұранысқа ие «Левофлоксацин» препаратының 1 млн 600 мың флаконы, 414 мың флакон «Цефтриаксон», 100 мың қорап «Дексаметазон» және 200 мың қорап «Аскорбин қышқылы» сынды 20-дан аса қажетті дәрілерді алу бойынша келісімшарт түзілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызмет

675 қаралым