“Халық” қайырымдылық қоры Атырау облысындағы мұқтаж отбасыларға 1000 азық-түлік және дәрі-дәрмек жиынтығын жолдады.
“Халық” ҚҚ Қамқорлық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаеваның шешімі бойынша Атырау облысындағы мұқтаж және көп балалы отбасыларға бірінші кезекте ең қажетті азық-түлік, жуғыш және антисептикалық заттар, Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталған және тіркелген дәрілік препараттардандәрі-дәрмек салынған 1000 қорап көмек көрсетілді.
Елімізде карантин режимін енгізуге байланысты күрделі материалдық жағдайға тап болған және дәрі-дәрмекке мұқтаж, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың тізімін Атырау облысы әкімдігі ұсынған.
Әр қораптың салмағы 60 келіден асатын азық-түлік және дәрі-дәрмек жиынтығында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік препараттар, яғни азитромицин, ципрофлоксацин, амоксициллин, ривароксабан, бромгексин, спиролактон, аспирин, аскорбин қышқылы, нимесулид, сондай-ақ жиынтықта – күріш, ұн, қарақұмық, макарон, өсімдік майы, шай, қант, бұқтырылған ет, қойылтылған сүт, тәттілер, жуғыш, антисептикалық құралдар және медициналық бетперделер бар.
Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап “Халық” қайырымдылық қоры COVID-19 коронавирус инфекциясы салдарын жоюға бағытталған үлкен жұмыстарды атқарды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 20 000 астам азық-түлік жиынтығын тегін үлестіру, медицина қызметкерлеріне ақшалай төлемдер, қажетті медициналық жабдықтарды: ӨЖЖ аппараттарын, ПТР зертханалары және жедел жәрдем машиналары берілді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 5 млрд 500 млн теңге болған.