Жарияланды: 20.07.2020

Кітапханашылар онлайн форматта қызмет көрсетуде

Карантин кезінде қаладағы жұмысы тоқтатылған нысандардың бірі кітапханалар. Бүгінде өз оқырмандарына онлайн форматта қызмет көрсетіп отырған мекемелер, аз уақыттың ішінде әжептеуір нәтижеге қол жеткізуде. Қашықтықтан оқуға біртіндеп халықты да қалыптасып келе жатыр, дейді кітапхана басшылары. Іздеген кітаптарын оқырман қайдан табуға болады? Дәл қазіргі таңда қандай кітаптар елдің сұрансына ие болып отыр? Бұл туралы «Оңтүстік» арнасы хабарлайды. 

Қашықтықтан қызмет көрсету барысында, бастапқыда бірқатар қиындықтардың болғанын шымкенттік кітапханашылар жасырмайды. Алдымен сирек кездесетін құнды дүниелерді электронды форматқа көшіруді қолға алған орталық кітапханалар жүйесі, онлайн қызмет көрсетіп келе жатқандарына да 4 айдан асыпты. Керек кітабыңызды citap.kz, kaz.net әр кітапхананың арнайы сайттарынан іздесеңіз болады. Ол үшін қолыңызда смартфон болса жеткілікті. Сондай-ақ, кар код арқылы жергілікті ақын, жазушылардың шығармаларын оқуға да мүмкіндік мол.

Анар Жаппарқұлова – «Отырар»   ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры

Бүгінде онлайн қызметті қолданатындардың қатары көбейген. Әсіресе, халықтың қашықтықтан кітап оқуға деген қызығушылығы біртіндеп артып келе жатыр. Ал, карантинге дейін қолға алынған кітаптарды абонемент бөлімі еш кедергісіз қабылдауда.

Раушан Сұлтанбек – Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің әдістеме бөлімінің меңгерушісі

Карантин кезінде өз оқырмандарымен онлайн байланыстарын үзбеген кітапханалар жүйесі, осы уақытқа дейін бірқатар шараларды қашықтықтан өткізіп үлгерді. Аламан айтыс халықтың делебесін қоздырса, Ұлы ақын Абайдың 175 жылдың мерейтойы аясында байқау ұйымдастырған. Алдағы уақытта Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай халықаралық конференцияны да онлайн форматта өткізуді жоспарлап отыр екен. Сонымен қатар, психологтар мен дәрігерлер кеңесі де әр кітапхананың әлеуметтік желісінен үзілген емес. Дәл қазіргі таңда қалың оқырманның сұрансына ие болып отырған психологиялық кітаптар мен классик жазушылардың туындылары екен. Осы орайда кітапханашылар мәдениет саласы қызметкерлеріне жасалып отырған қолдауларға ризашылықтарын білдірді. 

 

663 қаралым