Жарияланды: 29.07.2020

«Талант и успех» бүкілресейлік олимпиаданың жеңімпазы атанды

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Мадали Алихан жүлдегер атанды. Жазғы демалыс уақытын тиімді өткізген Алихан ресейлік қосымша білім беру орталығының «Талант и успех» қоры ұйымдастырған оқушыларға арналған оқу курсына қатысып, физика пәнінен білімін шыңдайды. Онлайн түрінде өткен оқу барысында есептерді шығарудың жаңа әдістерін, тимді жолдарын меңгереді. Алған білімнің нәтижесінде оқушылардың білім деңгейі мен қабілет-қарымын анықтау мақсатында олимпиада ұйымдастырылған.
Күрделі тапсырмалардан тұратын олимпиада кезінде үміткерлерге 4 сағат берілген. Еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептері мен тек үздік оқушылар бақ санысқан білім сынағының қорытындысы бойынша физика пәнінен Мадали Алихан үздік шығып, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Олимпиада информатика, математика, физика, астрономия, химия және биология пәндері бойынша өткізілген. Жалпы білім бесігінде сапалы білім мен саналы тәрбие беруді арқасында осындай таланттар шығуда.
Мадали Алихан — «Талант и успех» бүкілресейлік олимпиаданың жүлдегері:
«Біз курс барысында күрделі есептерді шығарудың оңай әдіс-тәсілдерін меңгердік. Кез келген жауабы қиын сұрақтарды өзара талқылай отырып, шешімін табамыз. Олимпиада кезінде сұрақтар оңай болған жоқ. Алайда курс кезінде алған білімнің нәтижесінде еш қиындықсыз тапсырмаларды орындап шықтым. Физика пәнінен өтетін тақырыптарға олимпиадалық тұрғыдан қарауға, оны шығарудың тиімді жолдарын үйренуіме септігін тигізді. Болашақта да маған үлкен көмегі боларына сенімдімін».

539 қаралым