Жарияланды: 29.07.2020

Инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып келеді

 
Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданында инфрақұрылым мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Жаңадан құрылған ауданда халық саны жыл жылжыған сайын көбейіп келеді. Осыған орай, тұрғындарға жайлы жағдай жасау мәселесі күн тәртібінде тұр. Аталмыш ауданда жыл соңына дейін 5 тұрғын алабы сапалы ауызсумен қамтылады. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді. Айтуынша, қазір «Достық», «Азат», «Тұран» шағынаудандары мен «Сайрам», «Тассай» тұрғын алаптарында  құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Карантин шектеулеріне қарамастан құрылыс өндірістік кестеге сай атқарылуда. Желтоқсанға дейін жүйелер іске қосылып, жергілікті халық таза суға қол жетікізеді.
705 қаралым