Жарияланды: 29.07.2020

Стадион құрылысы қарқынды жүргізілуде

Шымкенттегі «Металлург» стадионының құрылысына карантин шектеулері кері әсер ете қоймады. Нысандағы құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталуы тиіс.  Бүгінде алып құрылыс алаңына айналған Шымқалада спорт нысандары да назардан тыс қалмаған. Бірқатары күрделі жөндеуден өткізілуде. Дегенмен,  қазіргі жұмыссыз режим спортшыларға оңай соғып жатқан жоқ. Спорт залдар жабық болғандықтан,  жеңіл атлеттер, боксшылар, гимнастшылар таза ауада жаттығуға мәжбүр.  Онымен қоса саладағы 2 мыңға жуық қызметкер қашықтықтан жұмыс істеп жатыр. 200-ден астам адам еңбек демалысына жіберілсе, 40-қа жуық қызметкер ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болған.
701 қаралым