Қанаты енді ғана қатайып келе жатқан Шымкенттегі «Дарын» орталығы дарынды ұрпақ даярлауда түрлі іс -шаралар өткізіп келеді. Жуырда, 2-4 сынып оқушылары арасында ХІІІ республикалық математикалық онлайн-турнирі өткен болатын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында өткізілген тартысты турнир COVID-19 пандемиясына байланысты онлайн режимде өткенін еске сала кеткен жөн.
Турнирге еліміздің барлық аймақтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерінен, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысып, «Бастау» турнирінің қорытындысы бойынша Шымкент қаласы командалық және жекелей де алдыңғы үштікте бой көрсеткен қиялы құнды жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Орталықта оқушыларға сапалы білім беру жолында білікті ұстаздар тер төгіп жүр.
Жарияланды: 31.07.2020