Жарияланды: 06.08.2020

Құрылысқа 150 жұмысшы жұмылдырылған

2018 жылдың аяғында Шымкентте әуежайдың жаңа терминалының құрылысы басталған болатын. Бүгін арнайы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдері жұмыс қарқындылығын бақылап, құрылысшылармен кездесіп қайтты. Жобаның жалпы көлемі 2,8 га, ал ғимараттың ауданы 35 000м2. Онда жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыға дейін қарастырылған. Қазіргі таңда бірінші кезең бойынша толық аяқталып, екінші кезең бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Құрылыс барысында 150 жұмысшы, 10 техника, 9 механизатор тартылған. Жалпы жобаны биыл желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Мердігер компания құрылыс кестеге сай жүргізіліп жатқанын айтып отыр. Құрылысшылар ең алдымен сапаға сай жұмыс атқаруда.

703 қаралым