Жарияланды: 06.08.2020

Сегіз кезеңнен тұратын жол құрылысының болжамды құны 23 млрд. теңге

Шымкент қаласындағы магистралды жолдардың 75 шақырымында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы мен айналма жолының қайта құру жұмыстары қамтылған.
Ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр. Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары автомобиль жолдары 2023 жылға дейін пайдалануға тапсырылатын болады. Атап айтқанда, қалада магистралды А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізіліп келеді. Жалпы ұзындығы 31,6 шақырымды құрайды. Сегіз кезеңнен тұратын жол құрылысының болжамды құны 23 млрд. теңге. Ал, Қонаев көшесі жалғасы құрылысының жалпы ұзындығы 21 шақырым болса, оның құны 36 млрд. теңгені құрап отыр. Бұдан бөлек, Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы жүруде. Оның ұзындығы 7,6 шақырым, құны 3,6 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.

578 қаралым