Жарияланды: 13.08.2020

Соңғы үлгідегі компьютерлер берілді

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен Ыбырай Алтынсарин. Шымкент қаласындағы  №89 IT мектеп-лицейінде жаңа оқу жылына байланысты кабинеттер арасында байқау болды. Сол байқауда жеңімпаз болған кабинет меңгерушілеріне соңғы үлгідегі  DELL 4 ядролы әлеуметтік желінің бар түріне қосыла алатын компьютерлер берілді. Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ шығар… Аталмыш мектептің пән кабинет меңгерушілері оқушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін аянбай еңбек етуде. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында тер төгіп жүрген мектеп ұстаздарының еңбегі орасан.

1 527 қаралым