Жарияланды: 13.08.2020

Нысандардың сапалы салынуы басты қадағалауда

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы Әл Фараби ауданы аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Партиялықтар аудан аумағында құрылысы жүріп жатқан нысандардың жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда:
«Сейсмонығайту» бағдарламасы аясында А.Асқаров көшесінде №9 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу және қалыпқа келтіру жұмыстарымен танысты.
«Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес А.Асқаров көшесінде №7 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, Республика даңғылы №15 және 15а көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы балалар ойын алаңшасының абаттандыру мен спорт алаңшасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Партиялық бақылау комиссиясы нысандарды бақылау барысында құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан бас мердігерлердің өкілдері жұмыстың барысымен таныстырып өтті. Өз кезегінде партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың сапалы салынуын және аталмыш нысандардың құрылысы партия бақылауында үнемі болатындығын атап өтті.

 

686 қаралым