Жарияланды: 13.08.2020

Оқу жылына дайындық белсенді түрде жүргізілуде

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №108 Хамза атындағы ЖОББМ-те жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық белсенді түрде жүргізілуде. Атап айтқанда Жалпыға міндетті білім беру қорынан аз қамтылған, АӘК алатын 15 отбасы балаларына 30 000 теңге көлеміндегі бір реттік жәрдем ақы мөлшері ата-аналарының банктік есе шоттарына аударылды. Ата-аналар осы жәрдем ақыға перзенттерін планшет, ноутбукпен қамтамасыз етіп, жаңа оқу жылына жағдай жасап беруде. Қаржылай көмек алған ата-аналар және балалардың қуанышы шексіз. Бұл ата-аналар осындай бүкіл дүние жүзінде орын алған пандемия кезінде атқарып жатқан игі жұмыстары үшін мемлекет басшыларына, қалалық білім басқармасының басшыларына өз ризашылығын білдіруде. Білім сапасын арттыру басты мақсаттары болып табылатын қалалық білім басқармасының игілікті ісіне алғыс айтушылар көп. 

751 қаралым