Жарияланды: 13.08.2020

Меморандумның мақсаты — білім сапасы

Шымкент қаласы білім басқармасы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен ХХІ Республикалық «Абай оқулары» байқауына жолдама алған сайыскерлермен кездесу кеңесі өткізілді. Білім сапасын арттыруды ұдайы назарда ұстайтын білім бесігі оқушыларының жан жақты жетілуіне де көп көңіл бөледі. Сондықта да көптеген байқауларға қатыстырып отырады. Кездесу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен «Дарын» орталығы арасындағы меморандум аясында өтті. Меморандумда көрсетілгендей, университет тарапынан өте білікті мамандар, эксперттік топтар өз білімдері және тәжірибесімен, қаламыздың дарынды балаларымен жұмыс жасауға дайын. Меморандумның аясында өткен жоспарлы алғашқы іс-шараға М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қалшабек Ақжол Батырұлы шақырылды. Ақжол Батырұлы кездесуге келген «Абай оқуларының» сайыскерлері және олардың жетекшілерімен республикалық «Абай оқуларының» дайындық барысын талқылады. Сайыскерлерге «Абай» туралы тың ақпараттар берілді. Кездесу барысында сайыскерлер Ақжол Батырұлына сауалдар қойып, нақты жауаптар алды.
Іс-шара өте жоғары деңгейді өтті. Іс-шараға атсалысқан: Қожамжарова Дария Пернешовна — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Абишева Роза Жанысбековна — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу және әдістемелік жөніндегі проректоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент,
Ыбырайым Азимхан Оразбаевич — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент … Мектеп ұжымы алғыстарын айтып отыр. 

664 қаралым