Жарияланды: 14.08.2020

Жаңа бөлімшелер ашылмақ

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Бүгінде Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аурухана ғимараты 1975 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Биыл жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, мердігер компания «Югстройсервис-Н» жалпы сомасы 3 566 080,0 мың теңгеге электрондық келісім шарт түзілген. Күрделі жөндеуден кейін қосымша аурухана базасынан инсульт орталығы мен нейрожарақат бөлімшесі ашылады деп жоспарлануда. Ауқымды ауруханада білікті дәрігерлер жұмыс атқарады. Медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында тынбай тірлік етіп жатқан ақ халаттыларға халықтың айтар алғысы да шексіз.

634 қаралым