Жарияланды: 12.09.2020

Отбасының әлеуметтік орны жайында кеңінен мағлұмат берілді

 

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасы аясында шырайлы шаһардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылар саны күн сайын артып келеді. Солардың қатарында сонау мұхит асып келген мәртебелі қонақтар — Аризона мемлекеттік университетінен, Шығыс Еуропадағы және Орта Азиядағы Cintana Education білім беру орталығының жетекшісі Кагри Бахчоглу, осы университеттің кеңесшісі Нью Ли Холман және Маркетинг және серіктестік бойынша аналитик Евгения Орловалар Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында болды. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы отбасы және балалық институтын қолдау мақсатында  атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мұндағы жеті санының қасиетіне арналған жәдігерлер, әлемнің кіші моделі-киіз үйдің құрылысы, Ішкі жасау жабдықтары, қазақ тіршілігіндегі қолданылатын тұрмыстық бұйымдар, Қыз жасауы, Үйдің төрі мен босағасы, Отбасының әлеуметтік орны жайында кеңінен мағлұмат берілді.

Қашанғы қазақы меймандостық ілтипатпен күздің бал қымызы мен сары бауырсағынан дәм татқан қонақтар ерекше ықыласымызға тәнті болды

942 қаралым