Жарияланды: 12.09.2020

Мұғалімдерге қолдау көрсетті

Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында ұстаз мәртебесін барынша мадақтай отырып, моральдық тұрғыдан мотивациялау маңызды. Осыған орай, Шымкент қалаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы келесідей жаңа айдарды ұсынамыз.

Баршаңызға аян елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты балалар жаңа оқу жылын да қашықтықтан оқыту жүйесінде оқу процесін ұйымдастыруда. Қашықтықтан оқыту жүйесі Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінің оқушылары мен педагогтері өткен оқу жылы IV тоқсанда қашықтық оқыту бойынша білім алды. Сын сағатта барша педагогтер еңбегін елей отырып, біздің ұжыммен серіктестіктегі әріптестерімізге де осындай айдармен өз алғысымызды білдіргіміз келді.

Бүгінгі тақырыбымызды «Өрлеу»БАҰО» АҚФ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ПҚБАИ арнаймыз!

Жалпы жаңа оқу жылы қарсаңында барлық білім беру мекемелерінде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ПҚБАИ қызметкерлерімен бірлесе отырып, 1-11 сынып ата-аналары үшін «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» тақырыбында Zoom бағдарламасы, WhatsApp, Telegram әлеуметтік желілері арқылы жиналыстар жүргізілді. Жиналыс барысында қашықтықтан оқыту: Zoom бағдарламасы, WhatsApp, Telegram, Daryn.Online, Blimlаnd платформасы туралы, «Коронавирустан сақтану жолдары, санитарлық талаптарды орындау, вирустық аурулардан қалай сақтану» мәселелері көтерілді. Ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар жаңашылдықты, яғни қашықтықтан оқытуды дұрыс қабылдап, өз пікірлерін білдірді.

Шымкент қалалық әдістемелік орталығы мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында қашықтан оқытуда педагогтерге әлеуметтік желілер арқылы интернет платформаларда жұмыс істеудің алгоритмдік қадамдарын ұсынып, «Оқушымен кері байланысты қалай орнатасың?», «Оқу материалдарын қалай әзірлейсің?», «Қандай цифрлық платформаларды қолданасың?» тақырыбында оқу семинарларын ұйымдастырды. Педагогтерге қашықтықтан оқытуда платформаларды пайдаланудың жолдарын меңгерту үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастырған тегін онлайн (қашықтан сабақ беру жолдары) сілтемелері берілді. Бұдан бөлек, қаланың мобильді тобындағы педагогтер қашықтан оқыту жағдайында 8, 9 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы», «Қөркем еңбек», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» сабақтарын жасақтады. Аталған пәндер бойынша жасақталған бейне сабақтар базасы ютуб каналында жарияланды.

Сонымен қатар, оқушылардан кері байланыс алудың тиімді жолдарын ұсынатын бейнероликтер әзірлеп, әлеуметтік желілер арқылы мұғалімдерге қолдау көрсетті.

Осындай сапалы жұмыстар жүргізіп, педагогтеріміздің құзіреттілігін арттыруда аянбай еңбек еткен ұстаздар қандай мақтауыңызға да лайық. Білім беру сапасын арттыру бағытында тер төгіп жүрген ұстаздар биылғы оқу жылында да жан аямай еңбек ететіні сөзсіз.

989 қаралым