Жарияланды: 01.10.2020

Шымкенттен шығатын май шетелдерге экспортталады

Шымкенттен шығатын Hill Corporation отандық мотор майлары еліміздегі ішкі нарықты қамтамасыз етіп, тұтынушылардың көңілінен шығып отыр. 2010 жылы ашылған өндіріс орны Қазақстан бойынша бірегей болып саналады.
 
Ел ішінде экономиканы дамытуға белсенділік танытып келген өндіріс орындары үдемелі, индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған. Шымкент қаласындағы мотор майын өндіретін зауыт та осы бағдарлама шеңберінде жүзеге асқан. Жоба жүзеге асырылуы үшін 3 жылдан астам уақыт сарапталған. Жалпы құны 3 млрд теңгеден асады. Өндірістік күші жылына 100 мың тонна майлағыш материалын шығарады.
 
Зауыт бүгінге дейін 100 млн-нан астам май өндірген. Бұл майлар тек моторлық емес трансмиссиялық арнайы майлар да бар. Сонымен бірге, трубиналық компрессорлар, локомативке құйылатын майлар шығарады.
Өндіріс еліміздегі сұраныстың 25-30 пайызын қамтып отыр. Оның үстіне Шымкенттен шығарылатын май шетелдік өнімнен 15 пайызға арзан. Кәсіпорын тұтынушы сұранысына сай мотор майларының барлық түрлерін шығарады.
 
Бұл майлар ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай Украина, Беларусия, Қырғыстан мен Өзбекстанға экспортталады. Өндіріс көлемі де артып келеді. Алдағы уақытта жұмысшылар қатарын арттыру да жоспарда бар. 
816 қаралым