Жарияланды: 01.10.2020

Тренинг — сұхбат өтті

Бүгін, 2020 жылғы 1 қазан күні «Көрме» орталығында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекеме басшыларымен бірлескен тренинг сұхбат өтті.

 
Тренингті белгілі бизнес жаттықтырушы, коуч, Халықаралық Бизнес академиясының профессоры, кадрлар жөніндегі кеңесші Новоточина Марина Валерьевна жүргізді.
 
Тренингтің негізгі мақсаты — атқарылар негізгі жұмыстарды талқылап, тәжірбие алмасу. Тренингке қатысушылар карантиндік шектеулерді қатаң сақтай отырып, офлайн режимімен жұмыс жасауда.
 
Мәдениет саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ұдайы назарда тұратын мәселе.  Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытында мәдениет қызметкерлерін қолдау басты ұстын болып табылады. Сондықтан да осы ұстынды берік ұстанған аталмыш сала қызметкерлеріне ұдайы көңіл бөлініп келеді. 
771 қаралым