Жарияланды: 01.10.2020

Музей қызметкерлері тәжірибе алмасты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында «Жаңғыру — өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес» деп нақтылап атап өткен еді. Осы сөзге сәйкес, Шымкент қаласындағы «Ерлік» музейінің қызметкерлері Абай музейіне тәжірибе алмасу мақсатында барып, әдістемелік жұмыстарымен айналысып қайтты. Тарихқа үңіліп, рухани азық алып, Абай әлемімен толыққанды танысып қайтты. Музей қабырғаларына ілінген ұлы ақынның өлеңдерін тебірене оқыды.
Ұлы ақынның өзі айтқандай «сыбырдан басқа сыры жоқ» болмай «шаруаға қыры» бар пенде болмақты ұғынды. Осындай адам жанын рухани жаңғыртып қана қоймай, тазартатын шығармашылық байланыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытында мәдениет қызметкерлерін қолдау басты ұстын болып табылады. Осыған орай мәдениеттің мәйегі саналатын музей қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. 
941 қаралым