Жарияланды: 02.10.2020

«GLOBAL FRIDAY-ДЫҢ» КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 
 

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі білім беру сапасын арттыруға баса мән беретін үздік білім ордасы. Мақтаулы мектепте тек білімге ғана мән берілмейді, мұнда оқушылардың тұлғалық қасиетін дамыту бағытында да түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады.

 
Ағылшын тілінде өтіп жүрген «Global Friday» жобасы аясында 7-8 сынып оқушылары жалпы жаһандық тақырыптағы өзекті мәселелерді қозғайды. Бүгінгі күннің тақырыбы академиялық шыншылдық, яғни адалдық пен әділдікке арналды.
 
Спикер Роберт Опондо 7F сыныбы оқушыларымен онлайн сабақ өтті. Онлайн-кездесу барысында авторлық құқықтың қорғалуы мен плагиат жайлы сөз қозғалып, кез келген салада шыншылдық пен әділдік принциптерін ұстану керектігі айтылды.
692 қаралым