Жарияланды: 03.12.2020

HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ

Halyk Bank әлеуметтік осал тобына жататын отбасыларға тегін газ қосты.

       Қазіргі уақытта Алматы қаласында 2800-ге жуық жеке тұрғын үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Қыстың күні көмір жағу арқылы үйді жылыту қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін берсе, отбасы үшін артық шығын және әуреге салатыны айдан анық. Осы жылдың басында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының үйлерін газға қосу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы кредит беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырған. Осы орайда, Halyk Bankәкімдіктің бұл бастамасын қолдап, газ орнатуға пайызсыз кредит беруден бөлек, тұрмысы төмен отбасыларға газды тегін орнату жобасын бастап кетті.

«Жоба халықтың әлеуметтік осал тобынажататын және өз үйлерін газбен жабдықтағысы келетін басқа да қала тұрғындарын қамтиды.Көмір жағу қаланың ауа тазалығына кері әсерін беретінін білеміз, сондықтан Halyk Bank халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын тұрғындардың үйлеріне газды тегін қосады. Алматы әкімдігі ұсынған тізімге сәйкес, үйге газды тегін қосу ғана емес, онымен қоса барлық қажетті газ жабдықтарын сатып алуға да көмектесеміз. Ал, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы қатарына жатпайтын алматылықтар үшін пайызсыз кредит ұсынамыз. Бұл біздің қаламыздың әуе бассейнін тазартуға қосқан үлкен үлесіміздің бірі», – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

       Әрбір үйге газ орнату бойынша қажетті жұмыстарды Temel Group Stroy компаниясыатқаруда. Атаулы ұйымның атқарушы директоры Аслан Төлеутаевтың айтуынша, газ орнату жұмысы жеке қаралады. Мәселен, кейбір үйлерде пеш орнатуға арналған бөлек бөлме салу қажет болса, ал кейбір үйде есік немесе терезені ауыстыруға тура келеді. Яғни, газ орнатуға қажетті жабдықтардан бөлек, басқа қажетті тауарды алу, оны орнату жұмыстарын да атқарамыз – деді Аслан Төлеутаев.

«Мен үйді жиырма жыл бойы көмір жағып, жылытып келемін. Маған бұл өте қиын еді, өйткені аяғым ауырады. Енді, міне Halyk Bank-тің арқасында менің арманым орындалды, бүгін менің үйіме газ қосылды. Бұл игі іске ризашылығым шексіз», – деді зейнеткер, 3-топ мүгедегі Галина Гончарова.

Жалғыз басты ана Гүлбахрам Бултакова:«Бұрын қызым екеуміз бөлменің дәл ортасында тұрған пешті жағуымыз керек еді. Банктің қолдауының арқасында үйге газ жеткізіліп, үйге жылу жүйесі орнатылды. Олар пеш тұратын бөлмені де өздері тұрғызды, мен Банкке шын жүректен ризамын».

          Тұрмысы төмен отбасылардың үйіне газ қосу үшін Halyк Bank 60 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Бүгінгі күні  10 отбасыға газ тегін орнатылды, жыл соңына дейін Наурызбай және Алатау ауданы бойынша 70 астам үйге тегін газ тарту жоспарған.

          Онымен қоса, кез келген Алматы қаласының тұрғындары газ жабдығын орнату үшін пайызсыз кредит алу мүмкіндігі де бар

✓ Сыйақы мөлшерлемесі – 0%;
✓ Займды ресімдегені үшін комиссия 0,1%
✓ Кредиттеу мерзімі – 18 айға дейін
✓ Бір жеке тұлға үшін займның сомасы 309 000 ₸мөлшерінде

         Пайызсыз кредит алу үшін азаматтар келесі қадамдарды орындауы қажет:

– қажетті құжаттардың тізімімен кеңесу үшін аудан әкімдіктерімен байланысу қажет;

– газды қосудың техникалық шарттарын алу және қызметті ұсынатын компаниялармен келісім жасау;

 осы келісіммен кредит алу үшін келесі мекенжайлардағы Halyk Bank–тің екі бөлімшесінің біріне хабарласу қажет:

✓ Түрксіб ауданы, Кунгурская көшесі, 2 үй, Halyk Bank, 131832 бөлімшесі;
✓ Әуезов ауданы,  «Жетысу-4» шағын ауданы, 13 «А» үй, Halyk Bank, 30 ЖСО

     Бағдарлама туралы толығырақ Банк сайтынан танысуға болады:

https://halykbank.kz/kz/credit/kreditgaz

923 қаралым