Жарияланды: 01.01.2021

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДА 60-ҚА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

 

 Түркістан облысында  желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 59 сәби дүние есігін ашты. Жаңа жылмен тұспа-тұс дүниеге келгендердің 38-і ұл, 21-і қыз бала. Бүгінде барлық аналар мен нәрестелердің жағдайы дәрігерлер бақылауында.

 Түркістан қаласында орналасқан  №3 Облыстық перинаталдық орталығында бес ұл дүниеге келген.

 Түркістан облысы елімізде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

1 125 қаралым