Архив меток: Түркістан облысы

Түркістан облысында 660 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған

Түркістан облысы бойынша былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 660 млрд 253 млн теңгеге жетті. Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп саласына (27,7%) тиесілі. Кейін жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,5%), сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс саласына – (12,7%) тиесілі. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бағлан Қарғұлов мәлімдеді.   «2021 жылы Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім ...

Читать далее »

Түркістан облысының құсбегілері 2 алтын, 1 күміс медаль олжалады

Ақпан айының 2-7 күндері аралығында Павлодар қаласында құсбегі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Ата-баба жолын жалғаған өрендердің додасына еліміздің ең таңдаулы құсбегілері қатысты. Сайыста Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің түлектері 2 алтын, 1 күміс медальді жеңіп алды. Атап айтсақ, қаршығалар сынында Паң Төлемырза чемпион атанды.     Оның қолындағы қаршығасы қашқан аңды құр жібермей, бабында екенін дәлелдеді. Қаршығасы қалықтаған ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДА 60-ҚА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

   Түркістан облысында  желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 59 сәби дүние есігін ашты. Жаңа жылмен тұспа-тұс дүниеге келгендердің 38-і ұл, 21-і қыз бала. Бүгінде барлық аналар мен нәрестелердің жағдайы дәрігерлер бақылауында.  Түркістан қаласында орналасқан  №3 Облыстық перинаталдық орталығында бес ұл дүниеге келген.  Түркістан облысы елімізде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр.   Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕН КӨШ БАСТАП ТҰР

  Республика бойынша баспанамен қамтамасыз ету бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі. Биыл 548,4 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, түркістандықтар жаңа баспанаға ие болды. Осылайша тұрғын үйді іске қосудың жылдық қорытындысы жоспардан тыс орындалып, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы толығымен іске асырылды. Қаңтар – қараша айының қорытындысымен облыс аумағында 4356 пәтер пайдалануға берілген.   Облыстағы мемлекеттік «Нұрлы ...

Читать далее »