Түркістан облысындағы әрбір ауданның әр шаруашылықты дамытуға бейімділігі зор. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде дамыған Бәйдібек ауданындағы индустриалдық аймағында түрлі кәсіп иелері нәпақа тауып отыр. Бәйдібек ауданындағы жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын «Шаян» индустриалды аймағының тиімділігін арттыру жоспарда тұр. Негізгі өндіріс ошақтарын осында шоғырландыру қажеттігі де туындап отыр. Ол үшін бүгінде біршама жұмыстар атқарылуда… Бұдан бөлек бүгінде Боралдай ауыл округінде қарқынды бау егу даму үстінде. Бұл өңірдің таулы аумағы алма егуге өте қолайлы. Боралдай ауылдық округіне қарасты Талап елдімекеніндегі «Тау Алма Бақ» серіктестігі бүгінде тың жобаны жүйелі жүзеге асырып отыр. Аталған кәсіпорын 43 гектарға қарқынды бауды жайқалтып отыр. Ол үшін құрылтайшылар есебінен жалпы құны 2 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестиция салынған. Алдағы уақытта бау көлемін 83 гектарға жеткізу межеленуде. 107 гектар жерді толық қоршап, тірлігін дөңгелетіп отырған мекеме алдағы уақытта әр гектардан 50 тоннаға дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Өнімді өткізуде проблема жоқ. Алармандар алма баудың өзіне келіп пышақ үстінен үлестіріп алып кетеді. Алмадан бөлек жаңғақ егу ісін де қолға алған. Баудың көлемін жыл санап арттырып отыр. Алдағы уақытта өзге окургтерден де бау егуді қолға алу жоспары бар. Ол үшін жан жақтан нақты қолдаулар көрсетіледі
Жарияланды: 22.07.2018