Жарияланды: 10.01.2021

ШЫМКЕНТ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ САЙЛАУШЫЛАРҒА АРНАЙЫ КӨЛІКТЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арнайы көліктер қызмет көрсетті. Оған 18 инватакси мен 43 әлеуметтік такси жұмылдырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.

Жалпы, басқарма мен жергілікті әкімдіктер тарапынан 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтың дауыс беруі үшін тиісті жағдайлар жасалды. Олардың ішінде 1 жарым мыңға жуық мүгедекке жеке көмекші, 300-ге жуық азаматқа ымдау тілі мамандары қызмет көрсетуде. 1500-ге жуық мүгедек үй жағдайында дауыс береді.

Ал, сайлау учаскелерінде ерекше күтімді қажет ететіндер үшін арнайы орындар жабдықталған. Онда құлаққап, көзі әлсіз көретіндер үшін арнайы құралдар, дыбыс күшейткіш апапарттары да бар.

741 қаралым