Түркістан облысындағы Төлеби ауданында дәнді-дақылдар биыл бітік шығып, диқандар мақсары жинауға кірісіп кетті. Төлеби ауданында мақсары өсіру 1991 жылдары басталған болатын. Жер Орта теңізінің өсімдігін жерсіндіру де оңайға соқпады. Дәнінен май, ал сабағынан малға азық дайындалатын өсімдіктің пайдасы ұшан теңіз. Бүгінде Төле би ауданы бойынша 10647 га жерге егілді, оның 91,7 пайызынан артығынан мол өнім түседі деген жоспар бар. Қаратөбе, Жоғары Ақсу, Қоғалы ауыл округтеріндегі сияқты таулы аймақтарда мақсары толық пісіп жетілген жоқ. Жиналған мақсары облыстағы және аудандағы май өндіретін зауыдтар мен цехтарға жөнелтіледі. Биылғы мақсарының бағасы килограммына 65-70 теңгеден. Былтыр мақсары өсіруден облыс бойынша Төле би ауданы 1- ші орынға шыққан болатын. Биыл да жоспар -артығымен орындалады деп күтілуде. Мақсарыны жылда бір егістікке еге берсе жердің құнары қашып кетеді. Сондықтан да шаруалар ауыспалы егістікке жүгінеді. Бүгінде ауданда мақсарыдан асқатық май шығаратын өндіріс орындары баршылық. Мақсары майын сығатын аппараттар да арзан тұрмайды. Оларды арысы Еуропа, берісі Ресейден сатып алуға тура келеді. Шығысы кем, пайдасы мол өнім түрін өсіруде де өзге аудандар да бар. Бәйдібек ауданы мақсарысымен аты шыққан өңір. Бүгінде бұл дақылға шетелден де сұраныс көп. Былтыр ауданда 23 мың гектарға мақсары егілсе, оның көлемі биыл 43 мың гектарға жеткен. Шаруалар бүгінде гектарына 7-8 центнерден өнім алып, облысымыздағы май өндіруші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етіп отыр.
Жарияланды: 22.07.2018